Ертеңгілік
«Алтын күздің тойы»
Тәрбиеші: Қ.Құдасбек
А.Исабек
2017 жыл
Алтын күздің тойы.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз -ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша — «Алтын күз
Асқабақ: Қарауыл! Қарауыл! Не боп кетті бұл өзі? Алма біз қандай жағдайға топ болғанымызды сен білмейсінғой.
Алма: Асқабақ кәне айтшы тезірек!
Қатты толқығанымнан күйіп-жанып барамын.Тіпті қызарыпта кеттім-ау деймін (қос алақанымен бетін босады, басын шайқады).
Асқабақ: Достым, көкөністердің барлығы «Күз ханшайымы» келіпті деп шулап жұр, «Күз ханшайымы» деген кім оның бізге тіпті керегі жоқ еді енді ішіміз әбден пісетін болды. Қасына жаңбыр досын ерте кел.
Алма: Асқабақжан дабырламай қоя тұр әдемі Күз дегенің кім екенін біліп алайық және бізге не үшін келгенін де білейік. Біз ешкімдіде күткен жоқ едік. Жаңбыр менде танысайық.
Асқабақ: Ия, Алмажан бізге ешқандай күздің қажеті жоқ. Жаңбырдың да!
Алма: Жоқ ,достым онымен танысайық бізге Күздің кім екенін балалардан сұрайық.
Сырым және Інжу күз мезгілімен таныстырады. Сол кезде Күз ханшайымы келеді Жаңбыр екеуі.
Балалармен амандасып Асқабақ пен Алмамен дос болуға шақырады. Балалардан күз және жемістер туралы тақпақтарын сұрайды.
Балалардың тақпақтары:
Тақпақтар:
Ой балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты. Сырым
Жайдарлы күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ең дала
Дариядай шалқып жүр. Айзере
Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығыңа ырзамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз. Х. Ерсұлтан
Көк аспанның мөлдіреп
Алтын күзім елжіреп
Асыр салып жүре бер
Сары көйлегің желбіреп. Бейбарыс
Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады желбіреп. Інжу
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ. Кәусар
Көктемде егін егетін
Күзде жинап беретін
Біздің дала-бай дала
Ел егінін жинайды
Қамбаға астық симайды. Қ. Ерсұлтан
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала
Астық дала сәулеті
Астық Отан дәулеті
Біздің дала-бай дала
Алтын астық айнала. Нурикамал
Асқабақ: Өзі қандай сымбатты
Мезгіліме осы күз деген
Осы кезде Күз ханшайымын қарақшылар ұрлап кетеді.
Пираттар биі: Кораблден түседі.
Асқабақ пен Алма Күз ханшайымын іздеп пираттардан сұрайды, олар кешірім сұрап олардан күз кетіп қалғанын айтады. Енді ары қарай іздеуін жалғастырады: Алмажан мен білсем ол грек еліне кеткен болар сонда барайық.
-Қыздар сендер Күз ханшайымын көрдіңдер ме?
-Ия, көрдік ол бірақ өте асығыс екенін айтық кетіп қалған.
-Енді қайтсек екен Асқабақ жок-ау ары қарай жолға шығайық. Жүр-жүр.
-Жаурап-барам, жаурап барам тіпті үсіп қалатын түріміз бар бұл қай жер күз емес па ?
-Мен білсем бұл күз емес бұл қыс Якутия елі сияқты, бұғылар жүр ғой Кәне, кәне.
Құрсын үсіп қалмай тұрғанымызда айтындаршы.Күзді көрмедіңдер ме? Жоқ көрмедік.
-Алмажан анау құстардан сұрайық жүздері жылы екен.
Павлин биі:
Күз ханшайымын көрдіңіздер ме.
Ия көрдік онда бізге айтыңдаршы.
Күз келеді.
Алма:
Өзі қандай көрікті
Арамызға келіпті
Мейрбанды жүзімен
Кең пейлін беріпті
Асқабақ: Күз ханшайымы сен мезгілдердің ішіндегі ең берекелді мырзасы екенсің сенімен біз мәнгі дос боламыз. Күз сыйы көрмесіне саяхат жасайық жүріңіз.