Исабек Ажаркүл Сұлтанқызы
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы,
«Самал» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ның тәрбиешісі
Тәуелсіздік – тұғырым
Мақсаты: Балаларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихынқұрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының суреттері, гүлдер, тақырып жазылған плакат, слайд.
Жүргізуші: Құрметті балалар, әріптестер. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Бүлдіршіндеріміз тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатыр. Өмірлерің мәнді де, сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деген игі тілекпен Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. Балалар бүгін біздің ертеңгілігімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.
Балалар: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Біздің «Балапан» тобына қош келдіңіздер. Балалардың тілек шеңбері Аспанымыз ашық болсын
Еліміз тыныш болсын
Деніміз сау болсын
Бәріміз дос болайық.
Жүргізуші: Ендеше орнымыздан тұрып, қолымызды жүректің тұсына қойып Әнұранымызды орындайық.
Балалар: «Әнұран»
Алтын күні аспаны
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Жүргізуші: Балалар ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы, тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды бастан кешірді. «Азаттықтың ақ таңы атып, Тәуелсіздік келсе екен» деген жалғыз арманы болды. Сол жолда жандарын пида етті.
Иә, Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп көрейікші.Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам тер төкті. 1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан көтерілісінде де өрімдей жастар азаттық үшін жандарын құрбан еткен болатын.
(Слайдтан Желтоқсан оқиғасы көрсетіледі)
Көрініс: «Желтоқсан оқиғасы»
(Осы кезде алаңға жастар шығады. Жастарымыз бізге қазақ басшысы керек, бізге тәуелсіздік керек деп ұран айтады.Осы кезде сақшылар келіп жастарды ұрып-соғып, су шашып, зорлық-зомбылық көрсетеді, қыз балаларымызды сүйреп свалкаға апарып тастайды. 2-көрініс Қайрат Рысқұлбековты тергеу. Тергеуші: Кіріңдер(Қайратты әскери адамдар алып кіреді) Ал Рысқұлбеков әбден ойланып ақылға келдіңбе, шыныңды айтасың ба?
Дарын Қайрат Сөзі:
Қайрат деген атым бар
Қазақ деген затым бар Еркек тоқты құрбандық Атам десең атыңдар.
Тергеуші: Алып кетіңдер, өлім жазасына кесілсін дейді.)
Жүргізуші: Балалар, Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира сынды аға-әпкелеріміздің есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Балалар, иә бүгінде егемен ел болдық. Ежелгі қазақ жерінде Тәуелсіз жас Қазақстан Мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік – осы үш ұғымның салтанат құруы жолында қаншама қиындықтарды бастан кешті. Тәуелсіздік алдық дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, төл теңгеміз бар. Осындай Тәуелсіз еліміздің болашағы біздің балаларымыздың бүгінгі мерекеге арналған тақпақтары бар екен.
Теңіз:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Бақжан:
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы
Дарын:
Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер жас ұлан.
Жүргізуші: Еліміз кең байтақ өлке. Қойнауы толған кен, жайлауы толған мал. Бай мемлекетіміз тәуелсіздікке қиыншылықтармен қол жеткізді. Нағыз ержүрек, елін, Отанын, халқын сүйген «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан ардагер әпкеміз, ұстазымыз Омар Гүлзираны ортаға шақырамыз.
Ардагер Омар Гүлзира: Армысыңдар балалар! Мен Тәуелсіздік жолында болған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан ардагермін. Мына суреттегі Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сынды аға-әпкелерің көре алмай кеткен болашақта өмір сүріп жатырсыңдар. Ал сендер біздің еліміз туралы не білесіңдер, Желтоқсан оқиғасы туралы естулерің бар ма? Мен сендерге бірнеше сұрақтар қояйын:
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Қазақстанның астанасы қай қала?
Астана қаласы - Әнұранның авторлары кімдер?
- Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев Жұмекен Нәжімеденов
- Әні: Шәмші Қалдаяқов
Әнұран туралы тақпақ білесіңдер ме?
Шұғыла:
Әнұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраным.
4. Қазақстан туының авторы кім?
Шәкен Ниязбеков
Мемлекеттік Ту жайлы тақпақ білесіңдер ме?
Аяулым:
Көк байрақтың бетінде
Қыран бүркіт қанаты
Сол қырандай еркіндеп
Бала өседі талапты.
Ақниет:
Көк аспан көгілдір
Қазақстан байрағы
Тұрса күндей төгіп нұр
Жылдарыңыз жайдары.
5. Елтаңбаның авторлары кімдер?
- Шот-Аман Уалиханов
- Жандарбек Мәлібеков
Балалар Елтаңба туралы білетін тақпақтарың бар ма?
Шұғыла:
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Ардагер Омар Гүлзира: Жарайсыңдар балалар, сендер Қазақстан Республикасының рәміздері туралы тақпақтарды өте жақсы біледі екенсіңдер. Рахмет сендерге, менің сұрақтарыма жақсы жауап бердіңдер.
Жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Атамекен» әнін тамашалаңыздар.
Ән: «Атамекен»
Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауың аспаныммен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Мансұр:
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер
Отан – ана
Отан – өлкем.
Жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауында «Қазақстаным алға» биін тамашалаңыздар.
Би: «Қазақстаным алға»
Жүргізуші:
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Міне құрметті қонақтар, мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, бүгінде әлемге танылды. Қазақстан Республикасы қазіргі кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз егеменді ел. Олай болса осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Елімізде әрдайым тыныштық болып, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Қазақстанымыз көркейіп жайнай берсін. Қазақ елі мәңгі жасай берсін.
Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты іс-шарамызды қорытындылау үшін «Самал» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Әбдібек Шырын апайға сөз береміз.