Отбасылық сайыс

«Толағай отбасылық сайыс»

«Бөбек» тобы

 Тәрбиеші: Сегизбаева М.

Мақсаты: Балалардың дене мүшелерінің сұлулығын  қалыптастыру, қимыл қозғалыс қабілетін дамыту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу. Отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

  1. Жүргізуші:

Береке де осында
Мереке де осында
Болып жатыр той — думан,
Біздің балабақшада

Армысыздар,  қымбатты қонақтар, қадірменді ата-аналар, сайысты тамашалауға келген әріптестер. «Бөбек» тобының тәрбиеленушілерімен ата-аналар арасындағы өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысымызды тамашалауға  қош келдіңіздер.

  1. Жүргізуші:

Көңіл қойып қараңыз
Жалындап  тұр баламыз.
Жарысып қане екі топ,
Қол соғып қарсы  аламыз

 «Мықтылар» тобы мен «Жүйріктер» тобын қол соғып  қошемет көрсетіп  қарсы аламыз.

  1. Жүргізуші:   

Айналайын балалар
Сәтті болсын  ойынымыз,
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз
-деп  сайысымызды  ашып беру үшін  балабақшамыздың меңгерушіміз  Ш.Б.Әбдібекке сөз  кезегін береміз.

  1. Жүргізуші:

Ән ұраным-жан ұраным,

Айтар сөзім  салған әнім –дей отырып сайысымызды  бастамас бұрын  ән ұранымызды  орындаймыз.

Әнұран «Менің Қазақстаным»

  1. Жүргізуші:

Сайысқа қатысушы топтар, сіздердің жылдамдықтарыңызды, шапшаңдық ,  ептіліктеріңізді бағалау үшін әділқазылар  мүшелерімен таныстырып өтейін:

  1. ___________________________________
  2. ___________________________________
  3. ___________________________________
  1. Жүргізуші:

Жанға қуат  шынығу,
Жаттығу тынығу.
Сымбатты болуда
Спорттың  жолында
сайысымызды бастамас бұрын сіздерді  дене  қыздыру  жаттығуын жасауға шақырамын.

Бастапқы қалып,  аяқ бірге,  қол төменде.

  1. Жаттығуды басымыздан бастаймыз. Оңға қарай 4 мәрте айналдыру, Солға қарай 4 мәрте айналдыру 2- реттен қайталау.
  2. Бастапқы қалып, аяқ бірге, қол төменде.
  3. Қолды алға созу, 2 жоғары көтеру, 3 жанына қою,  4 бастапқы қалыпқа қайта оралу 2 реттен
  4. Бастапқы қалып аяқтың арасы алшақ, қолды белде, белді оңға қарай тербелу 4 рет, солға қарай тербелу 4рет.

4.Бастапқы қалып:аяқтың арасы алшақ,  қолды белге қойып, қос аяқтап секіру.

5.Еркін тыныс алу жаттығу.

  1. Жүргізуші:

Қандай тамаша бойымызды сергітіп күш жинап алдық. Енді сайысымыздың бөлімімен таныстырып өтейін.

  1. бөлім «Таныстыру»
  2. бөлім «Кенгру»
  3. бөлім «Паравоз»
  4. бөлім «Жасақ»
  5. бөлім «Кім епті»
  6. бөлім «Бәйге»

Жүргізуші:

Сайысқа қатысушы топтарымыз  дайынба? Олай болса топтарымызға ақ жол тілеп сайысымызды бастаймыз.

  1. бөлім топтар өздерін таныстырып ұрандарын айтады.

«Жүйріктер» тобының ұраны

Желден озған жүйрікпіз
Күнмен бірге күлдік біз,
Жақсылықпен  достасып
Күн мен бірге күлдік біз,
Енді қарап тұрмайық
Бағымызды сынайық.

«Мықтылар»  тобының ұраны.

Толды бүгін ортамыз
Мықтыларды қолдаңыз
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз
Жеңіске жетеміз –деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші:

Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды.
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды

2 бөлім Келесі сайысымыз «Кенгуру»

Шарты: Шардың тұтқасынан ұстай отырып,  кедергілер арасынан мәжеге жетіп, қайтарда тіке оралу. 1-ші балалар 2-ші аналар

Сайыскерлер дайынбызба? 1-2-3 Алға

  1. Жүргізуші:

Қалма жұрттың соңында
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда
Жету үшін мұратқа

Келесі 3 бөліміміз «Паравоз» ойыны.

Шарты: Колонаға бір қатарға тұрып, біріншісі паравоз, қалғандары вагондар. Белгі берілгенде паравоз кедергілер арасынан өтіп келіп вагонды тіреп алып жүгіреді.  Екеуі кедергі арасынан өтіп келіп,  келесі вагонды тіркейді.

Дайынбызба? 1. 2. 3 кеттік алға.

  1. Жүргізуші:

Аналарымыз жарысқа балаларға ұқсап  қандай көңілді қатысуда.

Қатар өскен құрдасқа
Жарыс ұнап тұрмасқа.
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа

 4-ші бөліміміз «Жасақ»деп аталады.

Шарты:Әрбір топ тапсырманы ретімен орындайды

Жерге қойылған степ кірпіштерден секіріп өтіп,  батпақта аяқ іздерден жүгіріп келіп, құм толтырған дорбаларды себетке лақтыру.

Ойнымызды бастаймыз алға

  1. Жүргізуші:
  2. 2-і командада бір-бірімен қалысар емес. Аналарымыз жақсы дайындықпен келген екен.
  3. Сондай керемет аналары балаларының жеңіске жетуі үшін барын салуда.

5-ші бөліміміз «Кім епті»

Шарты:Төселіп жатқан төсеніш үстінен домалап,  доғаның арасынан өтіп,  алдарында шашылып жатқан кеглилерді ретімен орналастыру. Кім мәреге бірінші жетсе, сол жеңіске жетеді.

Ойынымызды бастаймыз!  1. 2. 3

6-ші бөліміміз «Бәйге»

Ат ерттеуге жарайық
Жонына қамшы салайық
Жорға мініп жарысып
Бір танысып алайық

Шарты: Ата-аналар қолдарды айқастырып ұстап ,  баланы қолдарына отырғызып мәреге жетіп ,  қайта оралу.

Жүргізіші: Өнерсіздік зор айып ән мен күйге басайық
Арасында тағы бір ән мен шашу шашайық

Тәрбиеші Төлеген Мадинаның орындауында ән.

Келесі кезекте сайыскерлерімізді мадақтап марапаттау үшін сөзді әдіскер Жорабек Нәзира Рахымқызына беріледі.

«Толағай» отбасылық сайысымызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!