Әлсейт Айжамал Әмірханқызы
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы «Самал» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ның логопед – дефектологы
Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар» Л, Р дыбысы.
Мақсаты: Логопедтардың сөйлеу тілін дамытып ойын ашық айтып беруге бейімдеу.
Күзгі жапырақтардың түр түсін сипаттап , әңгімелеп беруге үйрету.
Фонетико- фонематикалық есту қабілеттерін дамытып, буын, сөз сөйлем ішінде Л-Р –дыбысын анық дұрыс дыбыстауға машықтандыру жалпы жан-жақты дамуын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Айна көріністі суреттер
Әдіс-тәсілі: Сұрақ, жауап ойын.
Сабақ барысы: Сәлемдесу.
І Ұйымдастыру кезені.
- Көңіл күйін сұрау
Жылулық шеңбері
Армысың көк аспан
Армысың жер ана
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос
- Сөйлеу ережесін ескеріп қайталаймыз жыл мезгілдерін сұрау.
Күз мезгіліндегі құбылыстарды сұрау .
Жапырақтарды шашып алтын жапырақтары.
Жапырақтардың түр түсін ажырату.
ІІ Тыныс алу жаттығуларын жасату
«Жапырақ үрлету»
ІІІ- Артикуляциялық тіл жаттығуларын жасату.
«Ат шабысы»
«Сағат»
«Саңырауқұлақ»
Біз ерекше баламыз
Айтқан тілді аламыз
Дыбыстарды дұрыстап
Анық айта аламыз
-Олай болса анық, дұрыс дыбыстап үйренейік.
ІҮ Тіл ширату.
Ра-ро-ре-ру-ру-ри
Ла-ло-ле-лу-ли
Рақ-рақ-рақ жерге түсті жапырақтар
Лақ-лақ-лақ- ұшып келді жапалақ.
Ү. Сергіту сәті
Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желмен бірге шайқалған
ҮІ. Күз туралы тақпақтар айтқызу.
Арсен
Алтын сары , қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жапырақ
Бексұлтан
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқып жүр.
Хамит
Мейірлі күз мырза күз
Сыйлығына ризамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
Кәусар
Ой алақай тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма кеп жатып ал.
Балауса
Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Соңғы әнін айтып
Күз кетті қайтып
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
Мереке
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Күзде бәрі піседі
Көңілді бақша
Сыйға бізге береді.
Сержан
Жиып теріп болатын
Қамға астық толады
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсын.
Айзере
Күн шуаққа маужырап
Жатыр еді атырап
Ағаштардан жапырап
Ұшты кенет жапырақ
ІҮ Шалқан ертегісін сомдау.
Күтілетін нәтиже
Не білді:
Күзгі жапырақтардың түр түсін сипаттап , әңгімелеп берді.