Омар Гүлзира Әбдірханқызы
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылы,
«Самал» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ның педагог-психологы
«ЭКСПО-2017» ге саяхат
Армысыздар қымбатты ата-аналар, әріптестер және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Балапан» тобының «ЭКСПО-ға саяхат» атты жазғы сауықтыру іс-шарасына қош келдіңіздер!
Әнұраным жан ұраным дей отырып, әнұранымызға кезек берейік.
Мақсаты: Балаларға ЭКСПО жайлы түсінік беру. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін үлкен қуанышпен қарсы алу болашақтың энергиясын – жасыл энергетиканы дамыту, келген қонақтарға әсер сыйлау.
Ал енді жазғы сауықтыруымызды ашып беру үшін осы балабақшамыздың меңгерушісі Әбдібек Шырынкүл Берікқызына сөз берейік.
Ал енді іс-шарамыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар
- Көрініс «Экспоның ашылуы»
- Тренинг «Сәуленің жоғалуы»
- Шеру: «От, су, ауа»
- Би «Огонь и вода»
- Ойын «Гүл құрастыру
- Спорттық би
- Көрмені аралау. Қонақтарды күтіп алу
Ал енді бойымызды жазып алу үшін, денемізді қыздырып, психологиялық жаттығу жасап алайық.
Жаттығу
Тренинг «Сәуленің жоғалуы»
Шынықтырар баланы
Су мен ау, күн дейді
Шынығуды білмеген
Тынығуды білмейді.
Шеру: «От, су, ауа»
Көрініс «Экспоның ашылуы»
Би «Огонь и вода»
Ойын «Гүл құрастыру»
Спорттық би
Өнер сіздің зор айып
Ән мен биге басайық
Арасында тағы бір
Билеп – билеп алайық
Көрмені аралау. Қонақтарды күтіп алу
Өтсін уақыт үлгереміз бәріне
Келгелі тұр күллі әлем жеріне
Бір береке кіргелі тұр бүгінде
ЭКСПО боп Астананың төріне
Әр мемлекеттен келген қонақтармен танысу. Әр мемлекет өзінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне арнап әкелген бұйымдарын қорғайды.
- «Күтіп алу»
- Дәм тату
- Келген қонақтардың көрмесі
- Мектеп түлектерін қарсы алу «Түлектердің көрінісі»
- Ұшақ макетімен таныстыру
- Түлектерге сәттілік тілеу.
Би «Ақ қанатты қарлығаш»
Бүгінгі «ЭКСПО-2017» көрмесіне саяхат» атты іс-шарамызда балаларымыздың көңіл күйлерін көтере білдік. Ұлтқа, Отанға деген патриоттық сезімін оята отырып, сол арқылы балалардың сана сезімі мен ой өрісін кеңейте отырып, би қимылдарымен денелерін шынықтыра білдік.
Қорытынды сөз кезегін балбақшамыздың әдіскері Жорабек Нәзира Рахымқызына берейік.
Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан,
Татулығы бар әлемнен жарасқан.
Жер бетінде достық болу үшін де
Көрме өткізіп жатыр Қазақстан!
Тарихымды, салт-дәстүрді танысын
Көрсін әлем, жүйрік аттың шабысын
Экспо ол келешектің кепілі
Қазақ деген атқа лайық намысың