Тәрбиеші

Төлеген Мадина Көшерқызы
Түркістан облысы, Ордабасы  ауданы, Төрткүл ауылы,
«Самал» бөбекжай балабақшасы» МКҚК-ның тәрбиешісі

Білім бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ»

Мақсаты: Оқу іс қызметінде қасқыр мен  жеті лақ ертегісінің үзіндісіне тоқтама отырып, бүлдіршіндердің  қызығушылығын ояту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын  дамыту  есте сақтау қабілетін ояту.

Көрнекілігі: Стол үсті театры.

Тәрбиеші: Қайырлы таң  балалар. Аспанымыз ашық, деніміз сау  көтеріңкі көңіл күйде отырайық

Балалар: рахмет

Балалар: Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Қуанайық достар
Келді,қонақ бізге.

Тәрбиеші: Жинап теріп алайық
Қамбаға астық салайық
Қызыл қырман ойнайық
Бұл қай мезгіл деп ойлаймыз?

Айлуна: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Күз мегілі екен. Күз мезгілі неше айға бөлінеді?

Алинұр: үш айға бөлінеді: Қырқүйек, Қазан, Қараша.

Тәрбиеші: Балалар  қыркүйекті ерте күз дейміз.Қазанды алтын күз дейміз. Қарашаны қара күз дейміз. Балалар мен сендерге жұмбақ қоямын. Мұқият тындап отырындар.

Сақалы бар, санасы жоқ.
Шешуі не?

Інжу. Ешкі.

Қайырып басын тастаған, қойдың басын бастаған.

Иманғали: Ешкі.

Төрт түліктін рекеті , түнде жүрер көк се

Жасмин. Қасқыр.

Тәрбиеші: Міне балалар бүгінгі жұмбаққа байланысты оқу қызметіміздің тақырыбы. «Қасқар мен жеті лақ» деп аталады. Балалар сендерге осы ертегіні стол үсті театр етіп ертегі айтып берейін. Сендер жақсылап тындап отырындар.

Ертегі айтылып өтті. Балалар ертегіні қызықты тыңдады.

-Балалар ертегі ұнадымы?

Балалар: ұнады.

-Қасқыр туралы не білесіңдер.

Ақниет: Қасқыр жабайы аң ол өте қауіпті.

-Ол қандай жануар үй немесе дала?

Еркеназ: Дала жануары.

-Ендеше балалар қасқыр туралы бір өленді еске түсірейік.

Тәрбиеші: Мен көкжал қасқырмын
Малшыны састырдым.
Аш болсам ұлімын
Ауылды торимын.

-Ешкі, лақ қандай жануар екен ?

Інжу: Үй жануары.

-Ешкінің қандай пайдасы бар?

Ерқанат: Ешкінің пайдасы көп, оның сүті, еті, жүні пайдалы. Ешкінің жүнінен қалпақ, жемпір, носки, киіз басамыз.

Балалар енді ешкі қасқыр туралы қандай тақпақтар, мақал –мәтелдер білесіндер.

Айлуна. Аппақ менін лағым
Қос құлағы, шұнағым
Қарның ашып қалдыма?
Неге сонша жыладын.

Ақниет: Шаршадың ғой жарығым
Ойынын да,  жөні бар
Ашқан шығар қарынын
Кел, маманды еміп ал.

Айару: Мақтандынба лепіріп
Ақ лағым, лағым
Көк шөпте секіріп
Неге тыным таппадың

Ақболат:  Жар басында жүреді
Тау басына шығады
Шапқылайды үнемі
Ақ ешкінің лағы

Раяна: Алды артына қарамай
Кезеді ол жағалай
Ойнақтайды баладай

Ағайша: Лағым-ау, лағым
Ерке тотай шұнағым
Ағаштарды кемірсең
Құлағыңды жұламын

Алинұр: Қасқырдың ойлағаны – арамдық
Қойдың ойлағаны – амандық

Жанасыл: Айдағаның бес ешкі
Ысқырығың жер жарады

Айлуна: Жарлының жалғыз қозысы
Қасқырға жем болады.

Жанасыл: Айдағаның бес ешкі
Ысқырығын жер жарады.

Тәрбиеші: Балалар сендер тақпақты да, мақал-мәтелді де жақсы біледі екенсіндер. Ендеше орынымыздан тұрамыз. Бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті: Көлбен, көлбен көленкем
Көлбендеген көленкем
Қасқыр қалай жүреді
Қасқыр былай жүреді.


-Балалар «Жеті лақ» ертегісін көрермендерімізге сахналап берейікші.

-Балалар, ертегіні түсіндіндерме?

-Түсіндік.

-Қызық болдыма?

-Қызық болды.

-Қай кейіпкерлер ұнады?

-Лақтың анасы ұнады.

-Қасқыр неге ұнамады?

-Ол жаман, бізді жеп қоя жаздады.

Дидактикалық ойын: «Дауысын тап»  Ешкінін, қасқырдың, қойдын даусын таба білді.

Міне бүгін  ертегіге, жұмбақ, тақпақ, мақал-мәтелдерге жауап берген балаларды мақтап,мадақтап шығу.

Қонақтармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы