Баланы балабақшаға кезекке қою
Балабақшаға кезек нөмірін қарау

 

 

http://balalaralemi.kz/
Бәріде балалар үшін
«Самал» бөбекжай балабақшасы»

     Төрткүл ауыл округіне қарасты «Самал» бөбекжай балабақшасының ірге тасы 1966 жылы 40 балаға арналып қаланған. Кейіннен екі қабатты типтік жобада 140 орынға арналған ғимарат пайдалануға берілді.

     1966 жылдан жұмысын бастаған Төрткөл селолық Қ.Сыпатаев атындағы үлкен кеңшардың есебіндегі балабақшаның сол жылдардағы атауы «Ветерок» болды. КСРО-ның кезінде бұл балабақша бір күн жұмысын тоқтатпай бала тәрбиесімен айналысты. 1966 жылдан 1991 жылға шейін барлық тәрбие жұмыстары тек орыс тілінде жүргізілді.

     1995 жыл тоқырау жылдарында қаржының тапшылығынан  Қ.Сыпатаев атындағы кеңшардың таралуына байланысты балабақша өз жұмысын тоқтатты. Балабақша ғимараты уақытша «Көкарал» орта мектебіне беріліп, 2005 жылы қарашада қайтып «Самал» деген атпен қазақшаланып ашылды. 100 баламен 4 топ құрып, өз жұмысын бастады.

     Біздің  мақсатымыз: Бар білгенімізді, асыл қасиеттерімізді, періште бөбектерге арнай білсек. Олардың жүрегіне жол тауып өзіндік «Мен» бар дәрежеге жеткізсек. Отанды, азаматты  сүюге тәрбиелесек. Нәзік жүректі жан дүниесін  сезінуге, аялауға бағалауға үйретсек. Біздің балаларға береріміз, махаббат,  сүйіспеншіліе, мейірім, қамқорлық.

     Әбдібек Шырынкүл Берікқызы балабақша меңгерушілігіне бекітілді. Егемендігіміздің арқасында «Самал» бөбекжай балабақшасына қазынамыздың 5 млн. теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. 6 млн. теңгеге балаларға арналған  жаңа үлгідегі жабдықтар, ойыншықтар әкелінді.

Қазіргі таңда «Балапан» бағдарламасы бойынша 5 топ қосылып, барлығы 11 топта 245 бала тәрбиеленіп,  жұмыс жасайды.

     Балабақшада 39 педагог  жұмыс   жасайды.  Жоғарғы санатты – 1 педогог,І – санаттағы 11 педагог, ІІ – санаттағы -11 педагог, қатардағы —  17,  педагог  қызметкерлері  жұмыс жасайды. Жоғары оқу орындарын бітірген 35 маман, арнаулы оқу орнын бітірген 4 маман және  балабақшамызда 30 қызметкер жұмыс істейді. Еңбек өтілі 10 жылдан асқан 8 тәрбиешілерді атап айтар болсақ Г.Түймебай,  Р.Ыскакова.  Г.Нысанбаева. М.Төлеген, Қ.Тлеубекова, Қ.Алиева  және өз істерінің шебері, бала тәрбиесіндегі жұмыстарымен ізденпаздығымен көзге түскен тәрбиешілер Қ.Құдасбек, А.Исабек, Т.Оразбаева, Ж.Айдарова.

     Балабақша «Жасыл ел» бағдарламасын басшылыққа алып, айнала ауласын түрлі гүлге толтырып тастады.

Ордабасы аудандық балабақша қызметкерлері арасында өткен «Бала тәрбиесі балабақшадан басталады» атты байқауда үшінші орынға иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды.

30.04.2008 жылы   «Бала тәрбиесіндегі жұмыс тәсілдері» тақырыбында аудандық — практикалық семинар өтті. Семинар өте жоғары дәрежеде өтіп, балабақша қызметкерлері аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

30.04.2008жылы «Самал» балабақшасы»МКҚК-ы  кәсіподақ ұйымының арасында «Балабақшаның ішкі еңбек тәртібі» тақырыбында аудандық практикалық семинар өткізілді

24.11.2009  жылы «Мектеп жасына дейінгі баланың құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдістері» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті. Семинар жоғары дәрежеде өтілді. Семинарда ашық оқу іс-әрекетін өткізген тәрбиешілер, балабақша меңгерушісі, әдіскері облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

18.07.2015жылы «Салауатты өмір салты негізін құру, отбасы мен мектепке дейінгі мекеменің бірлескен іс-әрекеттерінің маңыздылығы»  тақырыбындағы аудандық практикалық семинар өткізілді. Семинарда жазғы сауықтыру іс-шаралар өткізген, педагогтар аудандық білім бөлімінен «Құрмет грамотасы» мен марапатталды.

2010 жылы аудандық балабақшалар арасында өткен сайыста облысқа жолдама алып, «Таңдаулы балабақша — 2010»  облыстық байқауда үшінші орынды иеленді.

Бірінші  2008 жылы   мемлекеттік аттесттаудан өттік. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша жоғары дәрежеде аттестатталдық.

Екінші  2013 жылы 28-29 тамызда мемлекеттік аттестаттаудан өттік. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша жоғары дәрежеде аттестатталдық.

Тәрбиеші Төлен Магина Көшерқызы 2013 жылы ауданның «2013 жылдың үздік тәрбиешісі» атағын иеленді.

2014 жылдың маусым айынан бастап балабақша жанындағы ғимаратқа 100 млн теңге бөлініп, күрделі жондеуден өтті. «Самал» бөбекжай балабақшасының аумағы кеңейтіліп, пайдалануға берілді.

     Балабақшадардың  ата-аналармен тығыз байланыста болған жағдайда ғана  талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сондықтан  ата-аналармен кеңесе келе «Ашық  есік» күнін жоспарға ендіріп, және  ұйымдастырылған іс-шараларға, жазғы сауықтыру жұмыстарына да қатыстырып отырамыз.

Аудандық, обылыстық байқауларға, сайыстарға қатысып жоғарғы орындарды иеленіп «Құрмет грамота», электрондық почта арқылы өткізілетін байқауларға да қатысып «Диплом» алып отырамыз.

     Балабақша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз», «Балбөбек», «Қайнар» бағдарламаларының жобаларымен таныстыру мақсатында жаңа техналогияны, халық педагогикасын, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениеті туралы балалардың түсініктерін кеңейтіп отыруға бағытталған оқу тәрбие жұмысын жүргіземіз